Жаңалықтар

Түркістан облысында газ жарылды: жарақат алғандар бар

Түркістан облысында газ жарылды: жарақат алғандар бар
Фото: Видеодан алынған кадр 08.02.2024 22:00 433

Қысқа толқынды пеш қосылғанда газ жарылған. Бұл туралы KAZINFORM-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Төле би ауданына қарасты Ленгер қаласында болды. Азық-түлік дүкенінде газ жарылып, салдарынан ғимараттың қабырғалары құлаған.

Сондай-ақ екі адамның беті күйіп қалды. 

59 жастағы адамның бетін 10-12 пайызға күйік шалған, ал 6 жастағы баланың беті 6-7 пайызға күйген. Қос тұрғын Леңгір қалалық ауруханасына жеткізілді, - делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта. 

Ал, әлеуметтік желіде тараған видеодан қабырғалары құлап жатқан дүкенді көруге болады.

Видео авторы қысқа толқынды пеш қосылған кезде жарылыс болғанын айтқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға