Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘлем чемпионатының бесінші ойын күнінде G тобында Швейцария Камеруннан басым түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған топтағы алғашқы кездесу Швейцария мен Камерун құрамалары арасында өтті.
Бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезең басталған сәтте швейцариялық футболшылар алға қарай ұмтылды. Бұл әрекеті нәтижесіз болған жоқ.
Ойынның 48-минутында Брил Эмболо аталған құраманы алға шығарды. Оған камерундық құрама жауап беруге тырысты.
Айта кетсек, екі құрама өз тарихында тұңғыш мәрте кездесіп отыр. Сол тарихи ойында Швейцария қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Бұған дейін Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Сауд Арабиясы Аргентинадан басым түсіп, сенсация жасаған еді. Аргентинаны жеңу құрметіне Сауд Арабиясында сәрсенбі демалыс күні болып жарияланды.
Кешегі ойында Франция құрамасы да Аустралияны ірі есеппен ұтты. Ал Германия құрамасы Жапониядан жеңіліп қалды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді