19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде 12-17 жас аралығындағы жаcөспірімдер арасында ММА-дан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа 46 елден 653 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын 14-15 және 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер құрамасының 35 мүшесі қорғайды.
Оқи отырыңыз:
Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша 40 келіге дейінгі салмақта Маңғыстау облысының өкілі Еркебұлан Иманғали әлем чемпионы атанды. Ол финалда ливандық спортшы Омар Антармен кездесті. Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық спортшыға берді.
Тағы бір жүлдегер – Түркістан облысының спортшысы Орынбасар Пердебек 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды. Қазақстандық спортшы Украина мен Болгария өкілдерін жеңді. Жартылай финалдық кездесуде әлем чемпионы атанған Польша өкілі Ксавер Мосингтен төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары