Жаңалықтар

Елордада 200 дана сыра ұрлаған ер адам ұсталды

Елордада 200 дана сыра ұрлаған ер адам ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 03.08.2023 16:15 702

Елордалық полицейлер гипермаркеттен 200 данадан астам сыра ұрлаған тұрғынды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы ауданы полиция басқармасының тәртіп сақшылары гипермаркетте бірнеше рет айласын асырып, сыра сусынын ұрлаған, көбікті ішімдікті жақсы көретін азаматты анықтады. Күдікті әйел айлар бойы дүкенге келген сайын кассаның жанынан бөтелкедегі сыраны байқатпай алып өтуді әдетке айналдырған. Осылайша ол 200 данадан астам бөтелкедегі сыраны ұрлап үлгерген.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 41 жастағы қала тұрғыны кінәсін мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға