Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұшыту зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz
Президентке зауытты кеңейту жобасының орындалу барысы туралы баяндалды. Тәулігіне 20 мың текше метр таза су өндіретін зауыттың қуатын екі есеге дейін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Облыс басшылығының айтуынша, қазірдің өзінде Мұнайлы ауданының елді мекендері мен Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында су тапшылығы қатты сезіліп отыр. Өңірде халық санының артуына және туристік кластердің дамуына байланысты «Каспий» су тұшыту зауытының өнімділігін тәулігіне 40 мың текше метрге дейін арттыру қажеттігі туындаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді ауызсумен қамтамасыз ететін кәсіпорынның маңызы зор екенін атап өтіп, зауытты жаңғырту жұмысы сапалы орындалатынына сенім білдірді.
– Бұл – өте қажетті, керек жоба. Мен бүгінгі жиында нақты мәселелерді айттым. Мұндай жобаларсыз қиын болады. Израиль, Сауд Арабиясы, Сингапур сияқты таза ауызсуы жоқ елдер көп. Сондықтан біз де міндетті түрде озық технологияларды енгізуіміз қажет. Үкіметке тапсырма берілді. Каспийдің де деңгейі түсіп барады. Мұны да ойлануымыз керек, – деді Президент.
Бұдан кейін Мемлекет басшысы зауыт жұмысшыларымен әңгімелесіп, олардың халық үшін пайдалы іс атқарып жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Маңғыстау жұртшылығымен кездескен Президент Әбіш Кекілбаевты әрқашан жадымызда сақтауымыз керектігін айтты.
Сондай-ақ Каспийде заңсыз балық аулаудың жолын кесу қажеттгін, браконьерлер балықтың көбеюіне кесірін тигізіп, теңіздің экожүйесіне зардап келтіріп жатқандығына тоқталды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?