Жаңалықтар

Әбіш Кекілбаевты әрқашан жадымызда сақтауымыз керек – Тоқаев

Бұл туралы мемлекет басшысы Маңғыстау жұртшылығымен кездесуінде айтты
Әбіш Кекілбаевты әрқашан жадымызда сақтауымыз керек – Тоқаев
Фото: Ақорда 07.11.2022 12:42 1642

Президенттің Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуі басталды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Ақтауға келердің алдында жанашыр әрі ақылшы ағамыз болған Әбіш Кекілбаев ойыма оралды. Әбекең екеуіміз біраз жыл қызметтес болып, бірге жүрдік. Аға-іні ретінде сыйласып, жақын араластық. Еліміздің өткені, бүгіні және болашағы туралы жиі әңгімелесетін едік. Әдебиет тақырыбында пікір алмастық. Қазір «Әбіш әлемі» деген ұғым халқымыздың санасына әбден сіңіп кетті. Расында, бірегей тұлға, аса көрнекті жазушы, тарихшы, философ Әбіш Кекілбаевты біз және өскелең ұрпақ әрқашан жадымызда сақтауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық, ұлттық борышымыз. Абыз ағамыз – барша қазақтың мақтанышы. Әбекең туған өлкесі Маңғыстауды ерекше жақсы көретін. Қасиетті орындары, қайталанбас табиғаты және кеңпейіл халқы туралы сөйлегенде шабыттанып кететін. «Маңғыстаудың дариясы – халқының көкірегінде» деп жиі айтатын. Осы өңірге келген сайын сол сөздердің ақиқат екеніне көзіміз жететіні анық. Мен 2019 жылы Әбіш ағаның ескерткішінің ашылуына арнайы келетінімді айтқан едім. Кейін сол уәдемді орындап, Ақтауда қазақ халқының ұлы перзентіне арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатыстым. Сол себепті, өздеріңізбен кездесуді Әбіш аға туралы естеліктен бастап отырмын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға