Жаңалықтар

Каспийде заңсыз балық аулаудың жолын кесу қажет - Президент

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Каспийде заңсыз балық аулаудың жолын кесу қажет - Президент
Фото: Ақорда 07.11.2022 15:31 926

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуде айтты, деп хабарлайды El.kz

«Каспийде заңсыз балық аулаудың жолын кесу қажет. Браконьерлер балықтың көбеюіне кесірін тигізіп, теңіздің экожүйесіне зардап келтіріп жатыр. 

Каспий теңізінің тартылуы – айрықша өзекті мәселенің бірі. Теңіз деңгейі 2005  жылдан бері бір метрден аса төмендеп кеткеніне бәріміз куәміз. Судың тартылу себебі мен оның салдарын жан-жақты зерттеу керек. Осы орайда, Каспий теңізін зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми институт құрған жөн деп есептеймін», - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Маңғыстау жұртшылығымен кездескен Президент Әбіш Кекілбаевты әрқашан жадымызда сақтауымыз керектігін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға