Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПрезидент Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Бекет ата жер асты мешітіне зиярат етті, деп хабарлайды El.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи орында жергілікті ақсақалдармен әңгімелесіп, елдік мәселелерді талқылады.
– Қасиетті жерге зиярат ету үшін арнайы келдім. Мұнда 2019 жылы Президент лауазымына кіріскен кезде келген едім. Бүгін жұртшылықпен кездесіп, маңызды мәселелерді талқыладық. Маңғыстау облысының дамуына тың серпін беру керек екенін айттым. Үкіметке тиісті тапсырмалар бердім. Аманшылық болса, келешекте облыста бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың бәрі менің бақылауымда болады, – деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Маңғыстау жұртшылығымен кездескен Президент Әбіш Кекілбаевты әрқашан жадымызда сақтауымыз керектігін айтты.
Сондай-ақ Каспийде заңсыз балық аулаудың жолын кесу қажеттгін, браконьерлер балықтың көбеюіне кесірін тигізіп, теңіздің экожүйесіне зардап келтіріп жатқандығына тоқталды.
Жұмыс сапары аясында Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұшыту зауытының жұмысымен танысты.
Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?