30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКөзге арналған қарапайым жаттығуларды көпшілік елей бермейді. Олар көру өткірлігін айтарлықтай жақсарта алмағанымен, көзге түсетін жүктемені азайтып, көру қабілетінің нашарлауын баяулатуға көмектесуі мүмкін.
Офтальмохирург Сино Гозиев Techinsider басылымына берген сұхбатында қандай жаттығулар көзге пайдалы екенін айтып берді.
Маманның сөзінше, көз гимнастикасын бала кезден әдетке айналдырған дұрыс. Дегенмен оны ересек жаста бастаудың да кеші жоқ. Жаттығуларды адамның көру ерекшелігіне қарай таңдаған жөн.
Тек жақыннан көре алатындар үшін
Дәрігер саусақты көз алдына ұстап, оны мұрынға қарай жақындатып, қайта алыстату жаттығуын 10-15 рет орындауды ұсынады. Сондай-ақ көзді кезекпен жақын және алыс тұрған заттарға бағыттауға болады.
Көздің шаршауын азайту үшін 20-30 секунд бойы жылдам жыпылықтау, көзді жұмып, көз алмасын әр бағытқа 10 рет айналдыру да ұсынылады.
Компьютер алдында ұзақ отыратын адамдар әр 20-30 минут сайын үзіліс жасап, кемінде 20 секунд алысқа қарағаны жөн.
Алыстан ғана жақсы көретіндер үшін
Терезе әйнегіндегі белгілі бір нүктеге назар аударып, кейін көзді алыстағы нысанға ауыстыруға болады. Бұл жаттығуды үш рет қайталау ұсынылады.
Сонымен қатар көзді 5-10 секунд қатты жұмып, кейін кеңінен ашу, көз алмасын сағат тілімен және оған қарсы бағытта айналдыру пайдалы. Қабақты саусақ ұшымен қатты баспай, жеңіл айналмалы қимылдармен уқалауға болады.
Оқи отырыңыз:
Астигматизм кезінде
Маман терезе арқылы әртүрлі қашықтықта орналасқан нысандарға кезекпен назар аударуды ұсынады. Бұдан бөлек, көзді жұмып тұрып көз алмасын айналдыруға болады.
Тағы бір жаттығу – қасты саусақпен сәл көтеріп ұстап, көзді кезекпен ашып-жұму. Қабаққа жеңіл массаж жасауға болады, алайда көз алмасына қысым түсірмеу маңызды.
Ұйқы да көз саулығына әсер етеді
Маман көзге арналған жаттығулармен ғана шектелмеуге кеңес береді. Ұйқының тұрақты жетіспеуі мен көзге шамадан тыс күш түсуі көру қабілетіне кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан тәулігіне кемінде сегіз сағат ұйықтап, экран алдында өткізетін уақыт пен басқа да көру жүктемелерін мүмкіндігінше реттеген жөн.
Қалыпты дене белсенділігі де ағзаға пайдалы. Дәрігер сондай-ақ көзді тынықтыру үшін табиғаттағы жасыл түстерге – ағаштар мен өсімдіктерге қарауды ұсынады. Самай мен көз айналасын жеңіл уқалау қан айналымын жақсартуға көмектесуі мүмкін.
Дегенмен көз гимнастикасын көру қабілетін қалпына келтіретін ем ретінде қабылдамаған жөн. Егер көру нашарлап, көзде ауырсыну немесе басқа да жайсыздық байқалса, жаттығуларға ғана сүйенбей, офтальмологқа қаралған дұрыс.
Бұған дейін дәрігер Валидол мен Корвалол жүректі емдейтін дәрілер қатарына жатпайтыны туралы айтқан болатын.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды