Бүгiн, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13-15 қараша күндері Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан Гран-при санатындағы халықаралық турнир өтеді. Ұлттық құрама намысын 8 ер және 9 әйел дзюдошы қорғайды.
Әлемнің 40 елінен 270 дзюдошы жарысқа қатысуға өтінім берген. Ұлттық құрама атынан 17 спортшы турнирге аттанады.
Ерлер құрамасы:
60 келі: Аман Бақытжан, Нұрәділ Әлжан;
66 келі: Нұрқанат Серікбаев;
73 келі: Бақытжан Абдурахманов;
90 келі: Ермахан Әнуарбеков, Нұржан Бисенов;
+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы.
Әйелдер құрамасы:
48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева;
52 келі: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова;
57 келі: Дана Әбдірова;
63 келі: Эсмигүл Құйылова;
70 келі: Ажар Асхат;
78 келі: Екатерина Токарева;
+78 келі: Аида Тойшыбекова.
Әлем чемпионатының әсері
Бапкерлердің құрамды спортшылардың Азия ойындары мен әлем чемпионатындағы өнеріне қарап жасақтағаны көрініп тұр. Десе де, осы аралықта Ақтаудағы Aktau Open мен Абу-Дабидегі Grand Slam жарысы бар. Айталық, 60 келідегі Аман Бақытжанның Бакудегі әлем чемпионатында лайықты өнер көрсеткенін білеміз. Аузын айға білеген Аюб Блиевті әуреге салды. Әккі ресейлік балуан ескерту (шидо) саны бойынша жеңіске жетті. Осыдан-ақ Аманның алысқа шабарын бағамдадық. Соған сай бапкерлер де Загребде осы дзюдошыға сенім артып отыр.
66 келіге дейінгі салмақта белдескен Нұрқанат Серікбаев екі рет Баку татамиіне шықты дегенімізбен, екінші кездесуге жапонның Такеши Такеокиіне тойтарыс бере алды. Тіпті жарыстан кейін әлеуметтік желіде төрешілер қазақ балуанына тиісті ұпайды бермей қойғаны жайында жазылды. Бір білсек, Нұрқанаттың жаңа салмаққа төселгенін алдағы бәсеке нәтижесіне қарап бағамдай аламыз. Естеріңізде болса, Нұрқанат 60 келіде өнер көрсетіп, Олимпиада лицензиясы үшін бәсекеде Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадинге тегеурінді қарсылас болды.
100 келіден аса салмақтағы жаңа үміт Жантілек Нұртілепұлы да Баку татамиінде көзге түсті. Ол аралас командалық бәсекеге қатысып, Қазақстан құрамасына бір жеңіс сыйлады. Француз балуанын оңай жеңіп, ұлттық құрама сапында талантты жас өреннің өсіп келе жатқанын көрсетіп, елдің қошеметіне бөленді.
Қыздардың бағы жана ма?
Иә, Баку бозкілемі кімді Абиба Әбужақынованы аямады. Әлем чемпионатындағы бірінші белдесуде түрік қызынан ұтылып, елге қайтты. Оның алдында Азия ойындарының күмісін еншілеген. Әлемдік дзюдо шеңберінен қарасақ, Азия ойындарына қарағанда әлем чемпионатының бәсі биік екені рас. Десе де, бапкерлер мен Әбужақынованың өзі Азиаданың алтынын алуды көздеген сыңайлы. Оның үстіне 15 маусымнан бастап Олимпиада ойындарына тиісті рейтинг ұпайын жинау басталып кетті. Демек, Әбужақыноваға алтын жүлде жинайтын кез жетті. Өйткені отандасы Ғалия Тынбаева да турнирге бірге барады. Тынбаева Бакудегі бірінші белдесуінде қарсыласын иппонмен жеңгені ел есінде.
Сол сияқты Азия ойындарында 52 келі салмақта Меруерт Сәрсенова да өнер көрсетті. Жай өнер көрсетіп қоймай, татамиде 15 минут белдесіп, қолаға қол созып көрді. Жүлде бұйырмағанымен, бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.
57 келідегі Дана Әбдіроваға да Азиаданың қоласы бұйырмады. Дегенмен өзінің шеберлігін көрсетіп, болашағынан үміт күтуге болатынын білдік. Ал 63 келідегі Эсмигүл Куюлова Азия ойындарында қола медаль алды. Одан кейін әлем чемпионатында бірінші белдесуінде қарсыласына есе жіберді.
70 келідегі Ажар Асхат айды аспаннан бірақ шығарып, Азиаданың алтынына таласты. 21 жастағы спортшының қарым-қабілетіне таңданғандар жетерлік. Семейлік өрен әлі талай биікті бағындырарын нұсқағандай болды. Сондықтан Загребдегі турнир – Ажарға берілген жаңа мүмкіндік.
78 келідегі Екатерина Токарева Азия ойындарында қола медаль алып, келесі сындарға дайын екенін көрсетті. Ал +78 келіде өнер көрсеткен Аида Тойшыбекова қола медаль үшін тартыста қарсыласына жол берді. Әлем чемпионатындағы бірінші белдесуінде жеңіліп қалды. Сарапшылар Тойшыбекованы сылбыр күресі үшін сынағаны тағы бар.
Бүгiн, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыКеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?