Қазақстан дзюдосы қай бағытта дамып келеді? Мамандар бағасы

Қазақстан дзюдосы қай бағытта дамып келеді? Мамандар бағасы
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы дзюдодан Бакуде өткен әлем чемпионатын қорытындылады. Роберт Мшвидобадзенің командасы Әзербайжан елінен бір медальмен қайтты. 60 келі салмақта Шерзод Давлатов финалға шықса, 81 келідегі Абылайхан Жүсіпов қолаға қол созып көрді.

Иә, 4-11 қазан күндері Баку төрінде кіл мықтылар бас қосты. 93 мемлекет қатысқан додада Жапония құрамасы 8 алтын алып, көш бастады. Одан кейін екі алтыны бар Грузия екінші орында тұр. Әзірбайжан мен Испания қола саны бойынша үшінші-төртінші орынды бөлісті. Бір күміс жүлде алған Қазақстан 11 орында тұр.  

Жекелей сындағы нәтижеге көңілім толады. Себебі команданың жартысы Азиа ойындарында өнер көрсетті. Жартысы әлем чемпионатына келді. Жекелей сында ерлер 6 салмақта, әйелдер 5 салмақ дәрежесінде белдесті. Меніңше, спортшылар жақсы күресті, тіпті алтын медаль алуға мүмкіндік болды. Кішігірім қате жіберді. Оған қоса, 81 келі салмақта тағы бір медаль алуға мүмкіндік болды, – дейді дзюдодан Қазақстан командасының жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KAZ JUDO TEAM (@kaz_judoteam)

Ерлер құрамасы жарап тұр

Ерлер құрамасының әлем чемпионатына барынша ден қойғаны білінеді. Олар Бакуге аттанбас бұрын 1 ай Алматыдағы оқу-жаттығу жиынында шыныққан. Әсіресе, 60 келіде белдескен Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжан, 66 келідегі Нұрқанат Серікбаев, 81 келідегі Абылайхан Жұбаназар мен Жалғас Қайролланы атап өтуге болады.

Бакуде дзюдодан өткен әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін бір күміс медальмен аяқталды. Бұл сында ерлер құрамасы жақсы нәтиже көрсетті деуге болады. Спортшылардың шеберлік деңгейінің өскені анық байқалды. Шерзод Давлатовты айтпағанда, 66 және 81 келі салмақ дәрежелерінде өнер көрсеткен балуандардың да алдағы уақытта жақсы нәтижелерге қол жеткізетініне сенім артуға болады, – дейді спорт сарапшысы Жанкелді Қаржан.

Сарапшы атап өткендей, ұлттық құрама бірінші нөмірлі дзюдошыларын Азиада ойындарына алып барды.

Ұлттық құраманың негізгі бөлігі Азия ойындарында өнер көрсеткендіктен, Бакуге барған балуандардың нәтижесін жаман деп бағалауға болмайды. Ерлер құрамасының өкілдері жеребеге қарамастан, өз мүмкіндіктерін еркін пайдаланып, татамиде сенімді күрес жүргізе алды. Бұл соңғы жылдары қолға алынған жұмыстардың жүйеленіп келе жатқанын байқатады. Мәселен, Шерзод Давлатов іріктеу кезеңдерінде ғана емес, ширек және жартылай финалда да фаворит саналатын қарсыластарымен тең дәрежеде белдесіп, көздеген нәтижесіне сенімді түрде қол жеткізді, – дейді спорт сарапшысы Жанкелді Қаржан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝑯𝑶𝑴𝑬 𝑶𝑭 𝑸𝑨𝒁𝑨𝑸𝑺𝑻𝑨𝑵 𝑺𝑷𝑶𝑹𝑻𝑺 (@qaz_team_official)

Сондай-ақ сарапшы еліміздегі бәсеке жайына тоқталып, бірнеше салмақта дзюдошылар шеберлік көрсеткенін атап өтті.

Бұл чемпионатта Қазақстан құрамасында бәсекелестіктің тек 60 және 66 келіде ғана емес, 81 келі салмақ дәрежесінде де артып келе жатқанына куә болдық. Алмат Әділет Азия ойындарында ел намысын қорғаған болса, Жалғас Қайролла мен Абылайхан Жұбаназардың да әлем чемпионатындағы тегеурінді күресі көңілден шықты, – дейді Жанкелді Қаржан.

Төреші бұра тартты ма?

Алайда Бакудегі өткен әлем біріншілігінде төрешілерге қатысты дау туғаны рас. Әсіресе, желі қолданушылары 52 келіде күрескен Ута Абе мен Маша Бальхаус арасындағы белдесуді әлі күнге талқылап жүр. 60 келіде күрескен тағы бір отандасымыз Аман Бақытжанның ресейлік Аюб Блиевпен барын салып күрескенін білеміз. Осы орайда сарапшы да төрешілерге қатысты ойын айтты.

Өкінішке қарай, жекелеген сәттерде төрешілердің шешімдері отандық балуандарға қатысты біржақты болғандай әсер қалдырды. Мәселен, 66 келіде белдескен Нұрқанат Серікбаевтың кейбір әдістері есепке алынбағандай көрінді, – деді жанкелді Қаржан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝑯𝑶𝑴𝑬 𝑶𝑭 𝑸𝑨𝒁𝑨𝑸𝑺𝑻𝑨𝑵 𝑺𝑷𝑶𝑹𝑻𝑺 (@qaz_team_official)

Ал спорт журналисі Шамкен Байырбек 66 келідегі Нұрқанат Серікбаев пен Такеши Такеоканың белдесуін төрешілер әділ бағалағанын атап өтті.

Нұрқанат Серікбаевтың жапон дзюдошысымен күресі ел арасында да біраз талқыланды. Осы жерде дзюдода әділетсіздік факторын азайту үшін бірнеше маманның жұмыс істейтінін ескеру керек. Төрешінің үстінен татамиге жауапты маман мен супервайзер қарайды. Төреші шешімді өзі ғана қабылдай алмайды. Шешім арнайы бейнеқайталаудан  көріп, бірнеше сатыдан өтіп қана жарияланады. Яғни, төрешілер барынша объективті болу үшін, әділсетсізідкті болдырмау үшін жағдай жасалған, – дейді Шамкен Байырбек.

Әйелдер құрамасы әлсіз бе?

Азия ойындарында еліміздегі әйелдер дзюдосының дамып жатқаныа қарап марқайдық, білем. Ал әлем чемпионатында сценарий мүлде басқаша өрілді. Біріншілікке 5 салмақ дәрежесінде балуан апарғанымызбен, іріктеуден ары аса алмады.

Өкінішке қарай, әйелдер құрамасының өкілдері бұл жолы іріктеу кезеңінен аса алмады. Әсіресе ауыр салмақтағы балуандардың енжар күресі ішкі бәсекелестіктің әлі де төмен екенін аңғартқандай әсер қалдырды, – дейді спорт сарапшысы Жанкелді Қаржан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝑯𝑶𝑴𝑬 𝑶𝑭 𝑸𝑨𝒁𝑨𝑸𝑺𝑻𝑨𝑵 𝑺𝑷𝑶𝑹𝑻𝑺 (@qaz_team_official)

Шетелдік бапкердің жұмысы

Жарыстың соңғы күні командалық сайыс өтті. Іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Францияға 4:1 есебімен есе жіберді.

Одан кейін чемпионат аяқталғаннан кейінгі аралас бәсекеде Ерсұлтан Дүйсехан, Мөлдір Нарынова, Жантілек Нұртілекұлы секілді жас спортшыларға мүмкіндік берілді. Психологиялық тұрғыдан болсын, менталды тұрғыдан болсын әлем чемпионатына қатысу, өнер көрсету белгілі бір деңгейде олардың деңгейін көтеретіні анық, – дейді спорт журналисі Шамкен Байырбек.

Сондай-ақ оның айтуынша, осы әлем чемпионаты, Азия ойындары шетелден шақырылған кеңесші-бапкерлердің жүйе құрып келе жатқанын, жұмысы жолға түскенінің бір көрсеткіші болды.

Менің ойымша, спортшыларға командаға тұрақты нәтиже көрсету үшін әлі де уақыт керек. Ал Азия ойындарындағы, әлем чемпионатындағы, Гранд слам жарыстарындағы нәтижеге қарап осы аралықта жұмыстың белгілі бір деңгейде саты-саты бойынша көтеріліп келе жатқанын аңғартады, – дейді Шамкен Байырбек.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝑯𝑶𝑴𝑬 𝑶𝑭 𝑸𝑨𝒁𝑨𝑸𝑺𝑻𝑨𝑵 𝑺𝑷𝑶𝑹𝑻𝑺 (@qaz_team_official)

Расымен, 15 маусымнан бастап Олимпиада ойындарына қажетті рейтинг ұпайын жинау басталды. Енді әр жарыстан алған ұпай дзюдошының болашағына тікелей әсер етеді.

Бірнеше салмақ дәрежесінде негізгі құрамға талас ашық сипат алып, ішкі бәсекелестік күшейе түсуі мүмкін. Бұл отандық дзюдо жанкүйерлері үшін де қызықты болары сөзсіз, – дейді спорт сарапшысы Жанкелді Қаржан.

Әлем чемпионаты Астанада өтеді

Бакуде өткен әлем чемпионатының жабылу салтанатында біріншілікті өткізу құқығы Қазақстанға берілді. Келесі бәсеке 2027 жылы 7-14 маусым аралығында Астанада өтеді. Осымен Қазақстан екінші рет ересектер арасындағы әлем чемпионатын қабылдайды. Алғашқысы 2015 жылы Алматы қаласында өткен-ді.

Біз әлі өзімізді шыңдай түсеміз, қатемен жұмыс істеп, өз жерімізде өтетін әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын, – дейді дзюдодан Қазақстан командасының жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе.

Оқи отырыңыз