Дзюдошы Ажар Асхат Аичи-Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында 70 келіге дейінгі салмақта финалға жолдама алды. 21 жастағы спортшы үшін бұл – халықаралық аренадағы маңызды белестердің бірі. Ол шешуші белдесуде Жапония өкілі Рин Маэдамен кездеседі.
Семейден шыққан чемпион
Ажар Асхат 2005 жылы Абай облысындағы Мақаншы ауылында дүниеге келеді. 2017 жылдан бері дзюдо секциясына қатысады. Алғашқы бапкері – Серіктай Зәкиев. Жаттығу кезінде оның талантын, еңбекқорлығын байқаған бапкері Ажарды үлкен додаларға дайындай бастайды. 2021 жылы Алматы қаласында өткен Азия кубогынде 3 орын алады.
Бапкер мен шәкірттің еңбегі ақталып, 2022 жылы Ажар Асхат Қазақстан Республикасының спорт шебері атанады. Сол жылы Бангкокта өткен Азия чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде – алтын, Өзбекстанда өткен Азия кубогынде күміс жүлде алады. Босния және Герцеговина жерінде өткен дзюдодан әлем біріншілігінде 5 орынға табан тірейді. Атырауда өткен ел чемионатында қола жүлдегер атанып, ұлттық құрама үмітіне айналар талантты жас өсіп келе жатқанын дәлейдейді.
2023 жылы Ажар Малагада өткен Junior European Cup жарысында қола жүлде иеленсе, Алматыдағы Asian Junior Cup турнирінде жеңімпаз атанады. Сол жылы Берлинде өткен жастар арасындағы Еуропа кубогінде жетінші орын алады. Тараз қаласында өткен әйелдер арасындағы спартакиадада 3 орынға ие болады. 2024 жылы Ақтөбеде өткен ел біріншілігінде қолаға қол созады.
Ұлттық құраманың үміті
Ажардың ересектер қатарындағы ірі нәтижелерінің бірі – Қазақстан чемпионатындағы жеңісі. 2025 жылы Семейде өткен дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алады. Осы салмақта екінші орынды Ажардың жерлесі Кристина Сотникова иеленеді. Бұл нәтиже Ажардың ұлттық құрамадағы орнын нығайта түседі. Сол жылы Ақтау Asian Open турнирінде бесінші орын алады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бағынбай жүрген бір белес
2026 жылдың басында Ажар Асхат Қазақстан құрамасының маңызды халықаралық жарыстарға қатысатын спортшыларының қатарынан көрінеді. Сәуір айында Қытайдың Ордос қаласында өткен Азия чемпионатына аттанады. Ол жеке есепте жүлдеге қол жеткізбегенімен, Қазақстанның аралас командалық құрамымен бірге Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. Финалда Қазақстан құрамасы Моңғолиядан жеңіледі. Ажар сол құрамда 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.
2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының 70 келіге дейінгі салмақтағы өкілі ретінде татамиге шықты. 1 қазанда Ажар жарысты 1/8 финалдан бастады. Бұл кезеңде ол Таиланд спортшысы Супаттра Наногты жеңіп, ширек финалға өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ширек финалда тағы бір қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал жартылай финалда Ажар моңғолиялық Анужин Уран-Улзиймен белдесіп, жеңіске жетті. Осы нәтиже оған Азия ойындарының финалында бақ сынауға мүмкіндік берді.
Енді Ажар Асхаттың алдында Азиада алтыны үшін шешуші белдесу күтіп тұр. Оның финалдағы қарсыласы – Жапония өкілі Рин Маэда.
Рейтингте қай орында тұр?
Халықаралық дзюдо федерациясының дерегінше, биыл 30 қыркүйектегі рейтинг бойынша Ажар 236 ұпаймен 112-орында тұр. Бұл дерек Ажардың әлемдік рейтингте әзірге жоғары орында тұрмаса да, кейінгі жылдардағы нәтижелері халықаралық тәжірибесінің біртіндеп артып келе жатқанын аңғартады.
Ажар Асхаттың бүгінгі Азиада финалына дейінгі жолы бір күнде қалыптасқан жоқ. Кадеттер арасындағы жарыстардан бастап, жастар кубоктарындағы жүлделер, Қазақстан чемпионатындағы жеңіс және ұлттық құрамамен Азия чемпионатындағы командалық күміс – 21 жастағы спортшының жинаған тәжірибесінің бір бөлігі.
Енді оның алдында мансабындағы маңызды белестің бірі тұр. Ажар Асхат Азиада финалында ел қоржынына дзюдодан алтын медаль салуға талпынады. Әгәрәки, финалда бабы мен бағы қатар шапса, Азия ойындарының чемпионы атанған тұңғыш қазақ қызы атанады.