19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?69 жастағы Түркия президентінің баскетбол ойнап жатқан сәті әлеуметтік желіде кеңінен таралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Анкарадағы спорт кешенінде бір топ депутатпен баскетбол ойнап жүрген видеосы тарала бастайды.
Видеоны Түркия парламент комиссиясының басшысы Мустафа Варанк Instagram-да жариялады.
Видеодан Түркия президентінің физикалық тұрғыда бабында екенін байқауға болады. Бірнеше себетке гол салып та үлгерді. Осылайша ол денсаулығында кінәрат бар деген әңгімені жоққа шығарғандай болды.
Бұл видео 86 мыңнан астам лайк жинаған.
Режеп Тайып Ердоған президенттік лауазымды 20 жыл бойы атқарып келеді.
Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының басында өткен президенттік сайлауда Ердоған жеңіске жетіп, ұлықтау рәсімінде ант берді. Бұл іс-шараға Қазақстан Президенті де қатысты.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары