Жаңалықтар

Ердоған ұлықтау рәсімінде ант берді

Ердоған ұлықтау рәсімінде ант берді
Фото: tccb.gov.tr 03.06.2023 19:38 834

Анкарада Түркияның қайта сайланған президенті Режеп Тайып Ердоғанды ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Режеп Тайып Ердоғанның ант қабылдау рәсімі Түркияның Ұлы ұлттық жиналысында (парламент) өтті.

Алдымен ол өзінің мандатын елдің парламентінің уақытша төрағасы Девлет Бахчелиден алып, сосын ант қабылдады. Енді ол президенттік лауазымда 2028 жылға дейін болады.

Мен ұлы түрік ұлты мен тарихының алдында өзіме жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауға ант етемін, - деді.

Ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға барған болатын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға