6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕкібастұз қаласындағы жылу электр орталығында болған апатқа байланысты штаб құрылды. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі ИИДМ сілтеме жасап хабарлайды.
Қалпына келтіру жұмыстарына 138 адам және 35 техника жұмылдырылған. Бұған дейін хабарланғандай 15 зақымданудың 14-і жойылып, қазіргі уақытта жұмыстар жалғасуда.
28 қарашадағы сағат 15.30-дағы жағдай бойынша қазандықтағы жылу беру температурасы 84ºС (норма – 87ºС), кері қайтару – 54ºС (норма – 56ºС), пәтерлердегі температура 18-20ºС құрайды. 6 қазандық агрегат (№ 6,8,9,12,14,15) жұмыс істеп тұр, резервте 4 қазандық агрегат (№ 5,7,11,13) бар. Электр энергиясын тұтыну 51 МВт құрады.
Емдеу мекемелеріндегі температуралық режим күні бойы қалыпты және 20-25ºС шегінде сақталып отыр. Бұл санитарлық нормаларға сәйкес келеді.
18 көпқабатты тұрғын үй және 3 әлеуметтік нысан жылумен қамтамасыз етілмей отыр. 52 учаскесінде (Мәшһүр Жүсіп көшесі бойынша 5 «а» шағын ауданы) 1 ақау бар.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі