8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?Жыл сайын 12 маусымда әлемде Дүниежүзілік бала еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні атап өтіледі. Бұл күн балалардың еңбек қанауына жол бермеу, олардың білім алу, денсаулығын сақтау және қауіпсіз ортада өсу құқықтарын қорғау мәселесіне қоғам назарын аударуға арналған.
Бала еңбегі мәселесі әлемнің көптеген елінде әлі күнге дейін өзекті. Халықаралық ұйымдардың дерегінше, миллиондаған бала мектепте білім алудың орнына түрлі жұмысқа тартылып отыр. Сондықтан бұл мәселе тек әлеуметтік проблема ғана емес, елдің болашағына әсер ететін маңызды факторлардың бірі саналады. Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып келеді. Өйткені балалар ел халқының үштен бірінен астамын құрайды.
Оқи отырыңыз:
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 6,9 миллион бала тұрады. Бұл республика халқының жалпы санының 33,6 пайызын құрайды. Балалардың басым бөлігі қалалық жерлерде өмір сүреді. Атап айтқанда, олардың 62,3 пайызы қалаларда, ал 37,7 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Гендерлік құрылымға келсек, балалардың 51,4 пайызы ұл болса, 48,6 пайызы қыз балалар. Статистика көрсеткендей, елімізде балалар ең көп шоғырланған өңірлер:
Соңғы бес жылда Қазақстандағы балалар саны 4,4 пайызға артқан. Бұл елдегі демографиялық өсімнің тұрақты сақталып отырғанын көрсетеді.
Көп жағдайда қоғамда «бала еңбегі» мен «баланың еңбекке араласуы» ұғымдары шатастырылып жатады. Мәселен, жазғы демалыста жасөспірімнің ата-анасына көмектесуі немесе заң талаптарына сәйкес уақытша жұмыс істеуі бала еңбегін қанауға жатпайды. Ал баланың денсаулығына зиян келтіретін, оқуына кедергі келтіретін немесе қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жұмыс түрлері бала еңбегі болып саналады.
Халықаралық еңбек ұйымы қауіпті еңбек қатарына ауыр жүк көтеру, құрылыс алаңдарындағы жұмыстар, химиялық заттармен жұмыс істеу, өндірістегі қауіпті қызмет түрлері мен балалардың денсаулығына қауіп төндіретін өзге де жұмыстарды жатқызады.
Қазақстан заңнамасында балалардың еңбек құқықтарына қатысты нақты талаптар белгіленген. Еңбек кодексіне сәйкес, жалпы жағдайда жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жасы – 16 жас. Белгілі бір жағдайларда ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен 14 жастан бастап жеңіл жұмыстарға орналасуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды:
Бұл нормалар балалардың денсаулығын қорғауға және олардың толыққанды білім алуына жағдай жасауға бағытталған.
Сарапшылардың пікірінше, бала еңбегінің ең үлкен қаупі – оның баланың болашағына әсер етуінде. Еңбекке ерте араласқан балалардың білім алу мүмкіндігі төмендейді, денсаулығына зиян келуі мүмкін, әлеуметтік және психологиялық қиындықтарға тап болу қаупі артады. Нәтижесінде бұл жағдай кедейлік пен әлеуметтік теңсіздіктің ұрпақтан ұрпаққа берілуіне әсер етуі мүмкін.
Ал сапалы білім алған, қауіпсіз ортада өскен бала болашақта қоғамның белсенді мүшесіне айналып, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосады.
Қазақстанда бүгінде әрбір үшінші тұрғын – бала. Сондықтан олардың қауіпсіздігі, сапалы білім алуы және жан-жақты дамуы мемлекет үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін маңызды мәселе.
Дүниежүзілік бала еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні балалардың орны ауыр жұмыста емес, мектепте, спорт алаңында, шығармашылық ортада және отбасында екенін еске салады. Балалық шақ – еңбек ету емес, білім алу мен даму кезеңі. Сондықтан әр баланың құқықтарын қорғау – болашаққа салынған инвестиция.
Еске салайық, бұған дейін El.kz жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмағандардың еңбек ету тәртібі мен заңда белгіленген жұмыс уақытының нормалары туралы жазған еді.
8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін