Жаңалықтар

Алғашқы жүлде: ұлттық құрама капитаны жартылай финалға шықты

Алғашқы жүлде: ұлттық құрама капитаны жартылай финалға шықты
Фото: Қазақстан бокс федерациясы 10.05.2023 17:48 889

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов әлем чемпионатындағы үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

71 келі салмақтың ширек финалында Шымбергенов төрешілердің ортақ шешімімен француз Макан Траорені жеңді. Жерлесіміз қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді.

Осылайша Асланбек Қазақстан құрамасына алғашқы медальді салып отыр.

Шымбергенов – Амманда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы.

Бұған дейін Өзбекстан құрамасында өнер көрсететін қазақ баласы Руслан Абдуллаев әлем чемпионатының жартылай финалына өткенін жазғанбыз. Өкінішке қарай, 57 келідегі Серік Теміржанов жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрінді. Жартылай финал жолдамасы сарапқа салынған айқаста Теміржанов кубалық Сайдел Ортаға есе жіберді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға