Жаңалықтар

Әлем чемпионаты: қазақ баласы Өзбекстанға жүлде сыйлады

Әлем чемпионаты: қазақ баласы Өзбекстанға жүлде сыйлады
Фото: Өзбекстан бокс федерациясы 10.05.2023 17:19 3815

Өзбекстан құрамасының боксшысы, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев әлем чемпионатында өзінің ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

63,5 келіге дейінгі салмақта бокстасатын Абдуллаев жартылай финал жолдамасын француз Лунес Амрауимен сарапқа салды. Ташкенттегі аламанда қазақ баласы қарсыласын 4:1 есебімен жеңді. Осылайша ол Өзбекстан қоржынына кем дегенде қола медаль салып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Өзбекстан құрамасынан жартылай финал жолдамаларын Хасанбой Дусматов (51 кг) пен Абдумалик Халоков (57 кг) жеңіп алған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға