Жаңалықтар

Боксшы Серік Теміржанов әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Боксшы Серік Теміржанов әлем чемпионатында жүлдесіз қалды
10.05.2023 15:43 969

Ташкенттегі әлем чемпионатының ширек финалдық кездесулер өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан құрамасы сапынан алаңға 57 келідегі Серік Теміржанов шықты. Теміржанов кубалық Сайдел Ортамен кездескен болатын. Өкінішке қарай, қарсыласына жол беріп, жарысты медальсіз аяқтады. 

Теміржановтан бөлек шаршы алаңға тағы алты боксшымыз шығады. Құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) француз Макан Траоремен жолықса, Нұрбек Оралбай (80 келі) иорданиялық Хуссейн Эйшаиш Ишайшпен жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады.

Кешкі сессияда Санжар Тәшкенбай (48 келі) жапониялық Кадзума Аратакемен өзара кім мықтыны анықтаса, Махмұд Сабырхан (54 келі) ганалық Мохаммед Амадумен, тараздық боксшы Дулат Бекбауов (67 келі) мексикалық Мигель Анхел Мартинеспен жолығады. Сонымен қатар Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) Баходир Жалоловпен жұдырықтасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға