Жаңалықтар

Жүрсін ағаны көрсем көңілім босайды -Мұхтар Ниязов

Жүрсін ағаны көрсем көңілім босайды -Мұхтар Ниязов
Фото: instagram.com/mukhtar_niyaz 03.07.2023 09:45 10783

"Алтын домбыраның" үш дүркін жеңімпазы, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов ауырып жүрген Жүрсін Ермановты көргенде жүрегі ауыратынын айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жүрсін ағаның күндей күркіреп, жасындай жарқылдап жүрген сәттерін ғана көрген соң ауырып қалғалы көзіне көзім түсіп кетсе, көңілім босап қоя береді. Қызылжардағы айтысқа сау адамның жетуі оңай болған жоқ, жердің мойыны алыс қой. Екі күн өте жақсы айтыс өтті. Шұғайып інім бас жүлде алды.Айтыстан кейін көптен сағынысып жолыққан соң Жүрсін ағаға барып, әбден құшақтап, сосын қанша адамның көзінше жылап толқып тұрғаным ұят болар деп оңаша шығып кеттім. Ет пен сүйектен жаралған әлсіз пендеміз ғой, өмірдің бар шындығын білсек те, толық мойындауға сабырымыз жетпей жатады, - дейді Мұхтар Ниязов.

Оқи отырыңыздар:

Еске салайық, биыл қыста танымал ақын, айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскені хабарланған болатын. Ал кейін дәрігерлер Жүрсін Ерманның денсаулығына қатысты пікір білдірген еді. Мамандардың сөзінше, ақынның ауруы асқынып, сепсиске айналған екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға