Жаңалықтар

Танымал ақын Жүрсін Ерманның жағдайы белгілі болды

Танымал ақын Жүрсін Ерманның жағдайы белгілі болды
Фото: instagram.com/zhursin_yerman 24.04.2023 13:15 3096

Танымал ақын Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды. Ақынның шәкірттері Instagram әлеуметтік желісінде оның суреттерімен жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақын Қазырет Бердіхан Жүрсін Ерманның денсаулығы жақсарғаны туралы хабарлады.

Өзбекстаннан Талғат Орынбек деген тамаша талант, айтыскер бауырымыз Жүрсін Ерман көкемізге амандаса келіпті. Көкеміздің денсаулығы жақсарып, далаға шығып, таза ауа жұтып жүрміз, - дейді шәкірті.

Оған қоса, Қазырет Бердіхан айт қарсаңында ақындар Жүрсін Ерманның шаңырағында бас қосқан. Атап айтқанда Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев секілді танымал өнер иелерінен бастап, Мұхтар Ниязов, Аманжол Әлтаев секілді айтыскер ақындар бар.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазырет Бердіхан (@kazyret_berdikhan)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға