Жаңалықтар

Журналистің көлігі өртенді: полицияға оқиғаға қатысты түсінік берді

Журналистің көлігі өртенді: полицияға оқиғаға қатысты түсінік берді
Фото: ТЖД баспасөз қызметі 11.05.2023 09:33 559

ҚР ІІМ журналист Виктор Сутягиннің көлігінің өртенуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Полиция мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жіберілген, жарылыс белгілері анықталмаған.

11 мамыр күні сағат 04:21 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының автопатрульдік экипажы Наурызалиев көшесіндегі үйдің жанынан өртеніп жатқан Lexus RX-300 автокөлігін көрді. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі жіберілді. Жарылыс белгілері табылған жоқ, - делінген мәліметте.

Болған оқиғаның себеп-салдарлары анықталып жатыр. Полиция журналистің өтініші ҚК-нің 202-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген.

Бұған дейін журналист Виктор Сутягин түн жарымда көлігі жарылғанын айтқан болатын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға