Жаңалықтар

Атырауда журналистің көлігін белгісіз біреу өртеп жіберді

Атырауда журналистің көлігін белгісіз біреу өртеп жіберді
Фото: Оқиға орнынан 11.05.2023 09:20 1090

Атырауда журналист Виктор Сутягиннің көлігін өртеп жіберді. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мен көлікті үйдің бұрышына қалдырып кеткен болатынмын. Сағат 00:00-де сыртқа шыққанда тыныш еді. Көршінің бейнебақылау камерасынан күдікті адамның сағат 02:24-те келгенін көруге болады. Ол көліктің капотын ашып, бірдеңе істеп жатты. Біраз уақыттан соң жарылыс болды. Күдіктінің өзі зардап шегуі мүмкін. Одан басқа ешкімге зақым келген жоқ. Жақын жерде көршілердің көліктері тұрған болатын. Алайда оларды алып үлгерді,-деді журналист.

Еске сала кетейік, Виктор Сутягин «ҚазАқпарат» ХАА-ның Атыраудағы меншікті тілшісі.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға