Жаңалықтар

Жол апатынан 15 студент қаза тапты

09.06.2025 14:30 4577
Жол апатынан 15 студент қаза тапты

Малайзияның Перак штатында автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан Сұлтан Идрис атындағы Білім университетінің кемінде 15 студенті қаза тапты, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Оқиға 1:10 шамасында жергілікті уақытпен тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, екі көлік бір бағытта келе жатқан. Қатты соққыдан автобус аударылып, жеңіл көлік жол жиегіне ұшып кеткен.

Қайғылы оқиға салдарынан 13 адам оқиға орнында жан тапсырса, тағы екі адам ауруханада көз жұмған. Жарақат алған 33 адамның жағдайы әртүрлі.

Оқи отырыңыздар:

Малайзияның жоғары білім министрі Замбри Абдул Кадир зардап шеккендерге көңіл айтып, үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға