Жаңалықтар

Автобус апаты: екі аяғынан айырылған Алуаның туыстары елден көмек сұрап жатыр

09.06.2025 10:40 2223
Автобус апаты: екі аяғынан айырылған Алуаның туыстары елден көмек сұрап жатыр

Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен 8 жастағы Алуаның туыстары елден көмек сұрап жатыр,деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Олар әлеуметтік желіде Алуаға халықтан көмек алу үшін жеке парақша (@help.aluabeken) ашып, банк шоттарын жариялаған. Дереккөздерге сүйенсек, зардап шеккен қыздың анасы - жалғызбасты. Кәмелет жасына толмаған бес баланы асырап отыр. Қазір қызының жағдайына байланысты жұмыстан шығып кеткен. 

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қыздың отбасына баспана мәселесін шешіп беретінін ресми мәлімдеді.

Еске салайық, 2 маусымда Астана қаласындағы Республика даңғылында жолаушы автобусы ақпараттық тақта тіреуіне соғылған еді. Жол апатынан 15 адам зардап шекті. 

Оқи отырыңыздар:

Үш жолаушы ауруханаға түскен. Дәрігерлер 8 жастағы Алуа Бекеннің екі аяғын кесуге мәжбүр болған. Астанадағы ірі жол апатынан кейін қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі қамауға алынған болатын. 

Алуаның туыстарымен байланысу үшін: +77752323097, +77020293818.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға