Жаңалықтар

«Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының қорытындысы жарияланды

«Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының қорытындысы жарияланды
Фото: gov.kz 13.09.2023 01:32 431

Екі күн ішінде Қазақстанда жойқын жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша ауқымды оқу-жаттығу өткізілді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

"Жер-2023" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының екінші күні ТЖ министрі Сырым Шәріпханов Алматы қаласында ашылған Республикалық жедел штабтың мүмкіндіктерін қарап, бағалады. Жылжымалы басқару пункттерінің, жылжымалы госпитальдің, зардап шеккен халыққа арналған шатырлы лагерьдің, далалық ХҚКО-ның, гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің және т. б. жұмыс істеуінің техникалық мүмкіндіктері қаралды.

Республикалық штаб басқармасының далалық пунктінде ТЖ министрі Сырым Шәріпханов республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жедел топтарының басшыларын тыңдады. Баяндамашылар өз қызметінің бағыттары бойынша қабылданған шешімдер мен өткізілген іс-шаралар туралы хабардар етті.
Сондай-ақ оқу-жаттығудың екінші күнінде жойқын жер сілкінісінің салдарын жою кезінде авариялық-құтқару құралымдарының практикалық іс-қимылдарын пысықтау жалғастырылды.

Осындай іс-шаралар еліміздің барлық сейсмикалық қауіпті өңірлерінде: Алматы, Шымкент қалаларында, Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында өткізілді.

Қалған өңірлер апат аймақтарына күштер мен құралдарды жіберді.

РЖҚЖ қорытындысы бойынша оқу-жаттығуға толық талдау жүргізілді, авариялық-құтқару құралымдарының дайындығына баға берілді, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қызметін одан әрі жетілдірудің басым бағыттары айқындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға