Жаңалықтар

Жарақат алған Рыбакина Штутгарттағы турнирді аяқтай алмады

Жарақат алған Рыбакина Штутгарттағы турнирді аяқтай алмады
Фото: ktf.kz 21.04.2023 11:58 741

Әлемнің жетінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирді аяқтай алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

WTA 500 сериялы турнирінің екінші айналымында жерлесіміз бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездескен болатын. Рыбакинаның қарсыласы WTA рейтигінде 14-сатыда тұр.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесудің алғашқы сетінде Хаддад Майя брейкпен алға кетіп, дес берген жоқ – 6:1.

Екінші сетте қазақстандық теннисші жарақатына байланысты медицина қызметкерінің көмегіне жүгінді. Бұл кезде есеп 1:3 болып тұрған. Осыдан соң Рыбакина жарысты жалғастырудан бас тартты.

Турнирдің алғашқы кезеңінде Юле Нимайерден басым түскен. Екі сеттің қорытындысы бойынша есеп Еленаның пайдасына шешілді - 7:5, 6:3.

Естеріңізде болса, елордада теннистен өткен командалық әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Польшаны мерзімінен бұрын ұтып, Билли Джин Кинг кубогының финалына шыққан болатын. Ақтық сынға жолдама алуға Рыбакинаның қосқан үлесі зор. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға