Теннистен Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг Кубогының ақтық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан мен Польша құрамасы арасындағы 3-ойында Елена Рыбакина Магда Линетті сенімді ұтты.
Кездесу 1 сағат 24 минутқа созылып, 6-4, 6-2 есебімен отандасымыздың пайдасына аяқталды.
Қазір Елена WTA рейтингінде 7-ші, қарсыласы 19-орында тұр.
Айта кетейік, кеше алғашқы ойында Юлия Путинцева Магда Линетті, ал Елена Рыбакина Вероника Фальковскаға еш мүмкіндік бермей, жанкүйерлерді қуантқан.
Екі құрама арасындағы есеп: 3-0.
Елена Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде қарсыласын ұтты
Оқи отырыңыз
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады