Жаңалықтар

Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 100-ден асты

Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 100-ден асты
Фото: Global look press 07.01.2024 02:32 951

Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 126-ға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Киодо агенттігінің мәліметінше, тағы 516 адам жарақат алған.

Қазір табиғи апат аймағында құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Өйткені із-түзсіз жоғалып кеткен азаматтар бар. Әзірге зілзаладан келген шығын көлемі белгісіз. Ел орталығында ондаған адам әлі күнге дейін жарықсыз отыр. Жолдардың қирауынан тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізу жағында да қиындықтар бар.

Айта кетейік, 1 қаңтар күні Жапонияның орталық бөлігінде бірнеше рет жер сілкінісі тіркелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға