Жаңалықтар

Жапонияда қатарынан бірнеше рет жер сілкінісі болды

Жапонияда қатарынан бірнеше рет жер сілкінісі болды
Фото: © Pixabay.com 01.01.2024 13:36 717

Жапонияның орталық бөлігінде бірнеше рет жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жапонияның батысында араға бірнеше минут салып 5,6 және 7,4 магнитудалы жер сілкінісі болды. Зілзала әсіресе Осака мен Киотода қатты сезілген.

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Дегенмен елдің басым бөлігінде цунами қаупі жарияланған. Ал толқын биіктігі 5 метрге жетуі мүмкін деген мәлімет бар. Жергілікті тұрғындарға жағалаудан тездетіп кету ұсынылды.

Әзірге АЭС жұмысында оқыс жағдай туралы мәлімет жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға