Жапондар тағы да әлемді таңқалдырды

 Матч ТВ
Фото: Матч ТВ

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында жапониялық жанкүйерлер мәдениеттілік үлгісін көрсетіп, стадионда өздері отырған жердегі қоқысты тазартты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қатар астанасы - Доха қаласындағы «Халифа Интернейшнл» стадионында өткен ойында Жапония құрамасы Германияны 2:1 есебімен жеңді.

Тарихи жеңістен кейін жапониялық жанкүйерлер мәдениеттілік үлгісін көрсетті. Өздері орналасқан бөліктегі қоқысты тазартып, оны арнайы жәшіктерге жеткізді. Осылайша өзгелерге өнеге көрсетті.

Е тобында сынға түсетін Жапония құрамасы енді екінші турда 27 қарашада Коста-Рикамен кездеседі.

Оқи отырыңыз