Жаңалықтар

Жалғас Жұмағұлов UFC-ден кетті

Жалғас Жұмағұлов UFC-ден кетті
Фото: instagram.com/team_zhumagulov_official 14.07.2023 11:10 869

Аралас жекпе-жек шебері, қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC файтерлері тізімінен шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы лиганың ростеріндегі өзгерістер туралы жариялайтын UFC Roster Watch Twitter-аккаунтында хабарланды.

Еске сала кетсек, Жалғас Жұмағұлов 24 маусымда өткен соңғы жекпе-жегінде UFC дебютанты америкалық Джошуа Ваннан жеңіліп қалған.

Оқи отырыңыз:

Бұл «Жаконың» қатарынан төртінші және UFC-де алтыншы жеңілісі болды. Сонымен қатар, Жұмағұлов төрешілердің бөлек шешімімен үшінші рет қатарынан жеңілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға