Жаңалықтар

Азия чемпионатында қазақстандық балуан қыздар үш жүлде алды

Азия чемпионатында қазақстандық балуан қыздар үш жүлде алды
Фото: ҚР Күрес федерациясының баспасөз қызметі 14.07.2023 10:45 845

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 3 медаль алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

12 шілдеде күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты жалауын көтерді. Жарыстың екінші күні, 13 шілдеде әйелдер күресінен ел құрамасы қоржынына үш жүлде түсті.

Құрлықтық додада Сания Солтанғали (39 келі) мен Мейрамгүл Ахметжан (46 келі) финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлде алды. Ал Фарида Абдрахманова (50 келі) қола жүлдеге қол созды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға