Жаңалықтар

Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш қай жерде орнатылатыны анықталды

Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш қай жерде орнатылатыны анықталды
Фото: Видеодан алынған кадр 26.01.2024 10:34 1256

Қоғам және мемлекет қайраткері, бір кездері Алматы қаласының әкімі болған Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш қай жерде орнатылатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаткердің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған аста Нұрқаділовке ескерткіш орнату туралы тапсырмасы жеткізілді. Алматы облысының Кеген ауданы осы мәселеге қатысты отырыс өткізді.

Оқи отырыңыз:

Жиын барысында Заманбек Қалабайұлына қойылатын ескерткіштің орнын белгілеу, ескерткіштің жер учаскелерін таңдау схемаларының орналасуы туралы сөз қозғалды.

Айта кетейік, көпшіліктің пікірін ортаға сала келе саясаткердің ескерткішін Кеген ауылының көрнекті жері жаңадан бой көтеретін Кеген өнер мектебінің алдынан орнату жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға