Жаңалықтар

Ыстанбұлдағы жарылыста Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ

Бұл туралы СІМ ресми өкілі мәлім етті
Ыстанбұлдағы жарылыста Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ
Фото: aa.com.tr 14.11.2022 16:11 837

Түркияның Ыстанбұл қаласында болған жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

«Кешегі Ыстанбұлдағы суық хабарды естіп, біздің сол қаладағы Бас консулдығы жергілікті билікпен байланысқа шықты. Әрине, ақпаратты анықтау біраз уақыт алды. Қазіргі таңда жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Түнімен біздің дипломаттар жақын маңдағы барлық ауруханаларды зерттеп шықты. Қуанышқа орай, біздің азаматтарымыз зардап шеккендер тізімінде жоқ. Алайда, әлі де тергеу жүріп жатыр. Тергеуге байланысты Түркия тарапы өзге ақпарат ұсынбайды», - деді Айбек Смадияров.

Еске салсақ, кеше Ыстанбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде  жарылыс болды. Жарылыстан 4 адам қаза тауып, 38 адам жараланғаны алдын ала хабарланды. Осыған дейін Ыстанбұлдағы жарылыс кезінде зардап шеккендердің саны өскені туралы жазған болатынбыз. Бүгін қалада жарылыс жасады деген күдікті ұсталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға