Жаңалықтар

Ыстанбұл қаласында жарылыс болды

Қаза тапқандар бар
Ыстанбұл қаласында жарылыс болды
Фото: iz.ru 13.11.2022 21:13 1569

Түркияның құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жексенбі, 13 қарашада Ыстанбұлдың туристік орталығында жарылыс болып, оның салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, деп хабарлайды  El.kz Сыртқы істер министрлігінің ресми телеграм каналына сілтеме жасап. 

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 4 адам қаза тапты, 38 адам жарақаттанды.

Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоқтығы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдары мен қала мэриясымен байланыста.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға