Визасыз Еуропа: қазақстандықтар енді Черногорияға еркін бара алады

 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Еуропа елдерінің бірі Черногория Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлім етті.

Оқи отырыңыз: 

Министрліктің хабарлауынша, қазақстандықтар 1 мамыр мен 1 қазан аралығында Черногорияға виза рәсімдемей-ақ бара алады.

Қазақстандықтар биылғы 1 мамырдан 1 қазанға дейін жарамды жол жүру құжаты негізінде Черногория аумағына кіре алады, кесіп өте алады және 30 күнге дейін бола алады, – делінген хабарламада.

Азаматтар ел аумағына еркін кіріп, транзит арқылы өтіп, 30 күнге дейін тұрақтай алады. Сонымен қатар министрлік бұл мерзімнен ұзақ уақытқа қалуды жоспарлағандар үшін тиісті виза рәсімдеу қажет екенін еске салды.

Черногорияға қай уақытта барған тиімді?

Бұл елге барудың ең қолайлы уақыты – мамырдан қазанға дейінгі аралық. Дәл осы кезеңде теңіз маусымы басталып, ауа райы жылы әрі жайлы болады. Жаз айларында жағажай демалысын толыққанды сезінуге мүмкіндік бар, ал көктем мен күздің басы табиғатты тамашалап, тыныш демалғысы келетіндер үшін қолайлы.

Черногория несімен тартымды?

Черногория – Адриатика теңізінің жағалауында орналасқан, табиғаты ерекше, әрі әсем елдердің бірі. Мұнда бір жағында көгілдір теңіз, екінші жағында биік таулар қатар орналасқан. Будва, Котор сияқты көне қалалар тарихи сәулетімен ерекшеленсе, ұлттық парктері мен тау шатқалдары экотуризмді ұнататындар үшін қызықты бағыт бола алады.

Айта кетейік, бұған дейін демалыс маусымына дайындық аясында Алакөлге қосымша пойыздар қатынайтыны туралы да жазған едік.

Оқи отырыңыз