Жаңалықтар

Ұйқысыздық пен адам мінезі арасында тікелей байланыс бар ма

21.05.2025 11:00 410
Ұйқысыздық пен адам мінезі арасында тікелей байланыс бар ма

Бразилиялық ғалымдар адамның мінез-құлқы мен созылмалы ұйқысыздық (инсомния) даму қаупі арасында айқын байланыс барын дәлелдеді. Сан-Паулу университетінің зерттеушілері жүргізген ғылыми жұмыс нәтижесі Journal of Sleep Research (JSR) журналында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу барысында невротизм – эмоционалды тұрақсыздыққа бейімділік – ұйқысыздық қаупін арттыратын негізгі фактор екені анықталды. Ғалымдар 595 қатысушыны зерттеп, оларды екі топқа бөлді: ұйқысыздықтан зардап шегетіндер және дені сау адамдар.

Нәтижелер мынадай:

  • Ұйқысыздықпен ауыратындардың 61,7%-ы жоғары деңгейдегі невротизмге ие болған
  • Ал бақылау тобында бұл көрсеткіш небары 32%-ды құрады

Сонымен қатар, жаңа тәжірибелерге ашық болмау да ұйқының бұзылу қаупін арттыратыны белгілі болды. Зерттеуге жетекшілік еткен Барбара Конвейдің айтуынша, тревождық (мазасыздық) невротизм мен ұйқысыздық арасындағы негізгі делдал фактор саналады.

Невротизм – ұйқысыздық дамуына қолайлы орта жасайды. Мұндай адамдар көбінесе негативті ойларға беріліп, ұйқы режимін бұзады, – дейді зерттеу авторы Барбара Конвей.

Ұйқысыздық – әлем халқының шамамен 30%-ына әсер ететін кең таралған бұзылыс. Ол гипертония, қант диабеті және депрессия қаупін арттырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға