Жаңалықтар

Ұлытау облысында биыл қуаңшылық болуы мүмкін

Ұлытау облысында биыл қуаңшылық болуы мүмкін
Фото: © Pixabay.com 26.06.2023 16:26 900

Ұлытау облысында 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің үшеуі ғана өндіріледі. Олар: нан, ұн және ет. Қалған 16-сы сырттан әкелінеді. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы аталған мәселе бойынша ауыл шаруашылығы бағдарламасын дамыту жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Біздің экономикамыздың негізгі көрсеткіші – ет өндіру. Бүгінде, өкінішке қарай, қара мал басы 4,18 пайызға азайып жатыр. Сиырдың саны 222 мыңнан 211 мыңға төмендесе, жылқының саны, керісінше, көбеюде. Оның саны 12 пайызға өсті, яғни 197 мыңнан 220 мың болды, - деді әкім.

Облыстағы ауыл шаруашылығында егінге де көңіл бөлінуде. Мұндағы 31 мың гектар жерге, 62 техника жұмылдырылған.

Биыл бірінші рет көктемгі дайындық жұмыстарында 50 миллионнан астам несие берілді. Өңірде шөп дайындауға өткен жылы 250 миллион субсидия бөлінген болатын. Осы жылы да қуаңшылық болуы мүмкін деген болжам бар. Осыған байланысты шілдеден бастап фермерлерге 500 миллион субсидия беріледі, - деді Берік Әбдіғалиұлы.

Бұған дейін Ұлытау облысында пәтерді жалға алу құны шарықтап кеткенін жазғанбыз. Сонымен қатар Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы сөз қозғады.

Бұдан бөлек облысының бірнеше ауданында жарық жүйесі 100 пайыз ескіргені де айтылған

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға