Жаңалықтар

Ұлытау облысында пәтерді жалға алу құны шарықтап кеткен

Ұлытау облысында пәтерді жалға алу құны шарықтап кеткен
Фото: t.me/aqorda_resmi 26.06.2023 15:55 671

Ұлытау облысында екі бөлмелі пәтерді жалға алу өткен жылдың басында айына орта есеппен 100-120 мың теңге болса, бүгінде 200-250 мың теңгеге артты. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Облыс мәртебесін алғалы бері Жезқазған қаласындағы үй бағасы бірнеше есе өсті. Бұрын бір шаршы метр 290 мың теңге болса, қазір 365 мың теңгені құрайды. Жалпы сатып алу құны Астана мен Алматы қалаларының деңгейіне жетті, - деді Ұлытау облысының әкімі.

Ұлытау облысында тұрғын үй мәселесі басым бағыт алып отыр.

Алдағы жылы 3000 пәтерді құрайтын облыста жалпы 6 жалдамалы, 4 кредиттік, 17 коммерциялық үйді салу жұмысы басталды. Үй кезегінде тұрған әлеуметтік топтар үшін 998 миллион теңгеге 100-ден астам пәтер сатып алынады. Кезекте облыс бойынша 7 мың азамат тұр, - деді Берік Әбдіғалиұлы.

Сонымен қатар Ұлытау облысының әкімі арнайы «Ұлытау жастары» бағдарламасын қабылдағандарын айтты.

«Отбасы банк» АҚ-мен бірге 40-тан астам жас тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Ол үшін жыл сайын облыстық бюджеттен 500 миллион теңге бөлеміз, - деді ол.

Ұлытау облысының бюджеті басқа облыстармен салыстырғанда төмен. Оның бюджеті 128 миллиард теңге. Мәселен, Қарағанды облысымен салыстырғанда 4 есе аз.

Өңірде қордан алынған проблемалардың көптігіне байланысты былтыр облыстың дамуына қатысты 2026 жылға дейінгі кешінді жоспарды қабылдадық. Жоспар аясында 1,04 триллион теңге көлемінде әртүрлі көзден инвестициялар тартылады. Қазіргі таңда кешенді жоспар бойынша 85 миллиардтан астам қаржы салынды, - деді Берік Әбдіғалиұлы.

Жалпы 5 миллиард теңге болатын 6 жоба іске қосылып, 430 жаңа жұмыс орны құрылды.

Бұған дейін Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы сөз қозғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға