Жаңалықтар

Ұлттық кітапханада белгілі музыкант Бағдат Тілегеновтің кітабы таныстырылды

Ұлттық кітапханада белгілі музыкант Бағдат Тілегеновтің кітабы таныстырылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 31.01.2024 05:30 356

Ұлттық кітапханада «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі музыкант Бағдат Тілегеновтің 60 жасқа толуына орай «Қара қобыздан «Сазген сазына» дейін» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Шараға белгілі өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, фольклорлық ансамбль ардагерлері, студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты.

«Қара қобыздан «Сазген сазына» дейін» кітабына автор музыканттың қалыптасу жолы, өмірдегі белестері мен жетістіктері жайлы сыр шертеді.

Кітаптың бірінші бөлімі өмірі мен өнербаянға, екінші бөлімі кейіпкердің тұлға ретінде қалыптасуына ықпал еткен ұстаздарына арналған. Туындының үшінші бөлімінде қазақтың айтулы тұлғалары мен шетелдік әріптестерінің жылы лебіздері жинақталған. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Жиында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің орындауында түрлі әуендер мен күйлер шырқалды. Сондай-ақ Ұлттық кітапхана қорынан Бағдат Тілегеновтің шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға