Жаңалықтар

Асанәлі Әшімов ордендерін мемлекеттік архивке тапсырмақ

Асанәлі Әшімов ордендерін мемлекеттік архивке тапсырмақ
Фото: instagram.com/auezovtheatre 30.01.2024 11:20 1462

Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов марапаттарын архивке тапсыратын болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы мемлекеттік архивте «Кино және театр тарланы – Асанәлі» музей-бұрышының салтанатты ашылуы өтпек.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы баспасөз қызметі таратқан мәліметте Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО халық артисі, КСРО және ҚР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, театр педагогы, профессор Асанәлі Әшімов өзінің қолжазбаларын, марапаттарын, фотоальбомдарын, сыйлықтарын, кітаптарын, ордендерін, төсбелгілері мен басқа да жеке заттарын ресми түрде Мемлекеттік архивке тапсыратыны айтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға