Жаңалықтар

Учаскелік полицей бұрқасында жолда қалған дәрігерге көмектесті

Учаскелік полицей бұрқасында жолда қалған дәрігерге көмектесті
Фото: ©El.kz/Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ 15.02.2024 23:45 397

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында мал дәрігері бұрқасында жолда қалып қойған. 4 сағаттан астам уақыт бойы байланысқа шықпаған маманға әріптесі алаңдап, полицейлерден көмек сұраған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға Күршім аудандық ауылдардың бірінің тұрғыны хабарласқан. Айтуынша, әріптесі көрші ауылдағы үйлердің біріне көлікпен жолға шыққан. Алайда 4 сағаттан астам уақыт бойы байланысқа шықпаған.

Қоңырауда ала сала учаскелік инспектор дереу жоғалған мал дәрігерін іздеуге шыққан. Ветеринар маманы жарты жолды жүріп өтіп, қар құрсауында қалып қойған екен. Ол өздігінен шығуға әрекеттенген, алайда нәтиже болмапты.  

Учаскелік полицей оқиға орнына жеткен соң екеуі бірлесе отырып, бірнеше сағат өткен соң ғана көлікті қар құрсауынан алып шыққан.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысының полицейлері қар құрсауында қалған жолаушыларды құтқарған болатын. Ал 13 ақпанда Абай облысының құқтарушылары  Өскеменге бара жатып, жолда қалып қойған Моңғолия елінің 13 азаматын эвакуациялаған еді. 

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға