Жаңа жыл басталғалы екі апта ішінде трассаларда полицейлер 400 ден астам адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 мыңнан астам автокөлікке автожолдарда полицейлердің ілесіп жүруі қамтамасыз етілді, қар құрсауынан 109 автокөлік шығарылды, жабық трассаларда тұрып қалған 412 адам, оның ішінде 53 бала құтқарылды.
Көбінесе жолдарда ауа-райының қолайсыздығына тап болатын біздің елден транзиттік автобустармен жүретін шетелдік азаматтар. Көлік бұзылған кезде олар тек полиция мен құтқарушылардың көмегіне үміт артады.
14 қаңтарда Самара-Шымкент республикалық маңызы бар трассасын патрульдеу кезінде Ақтөбе облысы Хромтау ауданының аумағында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері істен шыққан жолаушылар автобусын көрді. Автобус Мәскеуден Өзбекстанға жолаушы ретінде 24 Өзбекстан азаматын тасымалдағаны белгілі болды.
Елімізде екі апта ішінде қар құрсауында қалған 400-ден астам адам құтқарылды
Оқи отырыңыз
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?