Жаңалықтар

ҰБТ-да 135 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады – вице-министр

ҰБТ-да 135 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады – вице-министр
Фото: ©ОКҚ 10.07.2023 12:41 820

Елімізде 162 мың талапкер ҰБТ-ны екі мүмкіндікті қоса есептегенде 291 мың рет тапсырды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тестілеу қорытындысы бойынша 135 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады, бұл ҰБТ-ға қатысушылардың жалпы санының шамамен 83%-ын құрайды. Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға артқан (2022 жылы – 67%).

ҰБТ орташа балы өткен жылғы көрсеткіштен 7 балға артып, 73 балды құрады (2022 жылы – 66 балл). Бес адам ең жоғары көрсеткіш көрсетіп, 137 балл жинады. 2868 оқуға түсуші 120 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді, - деді вице-министр.

Түлектердің 75,16%-ға жуығы қазақ тілінде, 24,74%-ы орыс тілінде, 0,1%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Оқи отырыңыз:

Тестілеу бес пән бойынша өткізілді: үш міндетті және екі бейінді. Тест тапсырмаларының саны 120, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 20, математикалық сауаттылық бойынша – 15, оқу сауаттылығы бойынша – 15 және екі бейіндік пән бойынша – 35 тапсырма. Тестілеу ұзақтығы – 4 сағат.

Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлердің тестілеуді ыңғайлы тапсыруы үшін ҰБТ тапсыру уақыты 40 минутқа ұзартылған.

Олар үшін сызба және диаграммаларсыз сұрақтар жасалды. Қабылданған шаралар арқасында 478 ерекше білім беру қажеттіліктері бар тестіленуші ҰБТ-ға қатысты, - деп атап өтті ғылым және жоғары білім вице-министрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға