Жаңалықтар

Астанада курьерлер ереуілге шықты

Астанада курьерлер ереуілге шықты
Фото: Видеодан кадр 10.07.2023 10:10 830

Астанада "Яндекс" компаниясының курьерлері ереуілге шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ереуілге шыққандардың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Астана қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша, ондаған мопедшілер жиналған. 

ЕХРО аумағында еңбек жағдайларына наразы болған "Яндекс" компаниясының курьерлері жиналды. Содан кейін жастар Қабанбай батыр даңғылындағы "Қазақстандық күн" монументіне скутерлермен барды. Олар жол қозғалысына кедергі келтіргені үшін жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.

Оларды полиция қызметкерлері тоқтатып, Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Ереуілге қатысушылар ӘҚБтК-нің 615-бабы, 1-бөлігі "Жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қозғалыс ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Айта кетейік, таксимен табыс тауып, курьерлікпен күн көретіндерге 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген болатын. Еңбек министрлігінің мәліметінше, елде 500 мыңнан астам курьер бар. Мәселен, олардың бірі жеткізу қызметінде бірнеше жылдан бері жұмыс істейді. Министрлік айына жарты миллион теңгеге жуық жалақы алады, сондықтан салық төлеуге міндетті деп отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға