Жаңалықтар

ТЖМ құтқару бөлімшелері Белорусьтегі бірікке оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр

ТЖМ құтқару бөлімшелері Белорусьтегі бірікке оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 03.09.2023 14:28 642

Биылғы 1-6 қыркүйек күндері аралығында Беларусь Республикасының аумағында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ТЖМ құтқару бөлімшелерінің бірлескен арнайы оқу-жаттығулары өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жаспа. 

Қазақстан Республикасы ТЖМ атынан Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қатысуда.

Оқу-жаттығулар Беларусь Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғау университетінің қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтының полигонында өтуде. Қатысушы елдердің құтқарушылары ауқымды төтенше салдарларды жою бойынша практикалық және теориялық кіріспені пысықтайды. 5 қыркүйекте өтетін авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу бойынша оқу-жаттығулардың демонстрациялық кезеңіне дайындалып жатыр, деп жазылғанТЖМ таратқанақпаратта. 

ТЖМ құтқарушылары қираған ғимараттарда және теміржол апаты кезінде құтқару жұмыстарын жүргізудің тактикалық міндеттерін пысықтайды. Оқу-жаттығулар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдайлары туындаған кездегі өзара іс-қимылдарыныңың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға