Жаңалықтар

Түркиядағы зілзалада аман қалған қазақстандық елге оралды

Түркиядағы зілзалада аман қалған қазақстандық елге оралды
Фото: gov.kz 06.03.2023 17:26 669

Түркияда жер сілкінгенде аман қалған Сабина Мамадьярова Қазақстанға оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Ол ауруханада емделіп жатқан кезеңде біздің консул тұрақты байланыста болды. Сабина Мамадьярованың жанына жақын туыстары да барды. Ол Қазақстанға оралды», - деді Айбек Смадияров.

Осы орайда ол Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматының елге сапарын ұйымдастыруға көмектескенін айтты.

Айта кетейік, Түркияда жойқын зілзаладан қаза болған қазақстандық  Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің денесі табылғандығын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмысы барысында әйелдің денесі табылды. Ал жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадьярова ем алып жатқанын хабарлаған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға