Жаңалықтар

Түркістан-Самарқанд бағытында әуе рейсі ашылды

Түркістан-Самарқанд бағытында әуе рейсі ашылды
Фото: Түркістан халықаралық әуежайы 23.03.2024 15:04 276

Орталық Азия елдері арасындағы туризм ынтымақтастығын жандандыру мақсатында Түркістан-Самарқанд бағытында алғашқы халықаралық әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістаннан бағыт алған ұшақ - “Qazaq air” әуекомпаниясына тиесілі. Киелі шаһардан аттанған 80-ге жуық саяхатшыны көрші елдің әуежайынан самарқандықтар ерекше салтанатпен қарсы алды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бірегей туристік ресурстарға ие Орталық Азия өңірі туризм саласын қарқынды дамытып келеді. Бұл тұрғыда екі ел арасында тәжірибе алмасу, туризм бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға