Жаңалықтар

Алматы - Куала-Лумпур тікелей рейсі қашан ашылады

Алматы - Куала-Лумпур тікелей рейсі қашан ашылады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 01.03.2024 10:30 355

Наурыз айында Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова атап өткендей, бүгінде мегаполис әлемнің 82 елімен 42 тікелей бағыт пен визасыз режиммен байланысты.

Сондай-ақ ол биылғы маусым айында Алматы қаласы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысы аяқталатынын еске салды. Осылайша 2024 жылы шетелдік туристер саны 520 мың адамға жетеді деп болжануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға